Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда қаланың егжей-тегжейлі жоспарына өзгеріс енгізуге мораторий жарияланды

Алматының егжей-тегжейлі жоспарына өзгерістер енгізу үшін бір жылға мораторий енгізілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Алматы әкімі Ерболат Досаев Науырзбай ауданының тұрғындарымен кездесуінде мегаполистің егжей-тегжейлі орналасу жоспарына өзгерістер енгізуге мораторий енгізгенін мәлімдеді.



"Өткен жылы үкімет Алматының 2040 жылға дейінгі бас жоспарын қабылдады. Ал желтоқсанның соңында осы шешімді жүзеге асыру мақсатында біз барлық полиорталықтардың егжей-тегжейлі орналасу жоспарына түзетулер қабылдадық. Алматының болашақ дамуы орта қабатты үйлер. Біз тарихи олқылықтарға қатысты сұрақтарды қарастырдық. Мен 2024 жылға дейін егжей-тегжейлі жоспарлауға түзетулер енгізуге мораторий жарияладым. Кем дегенде бір жыл көрейік. Не бар екенін байқаймыз, егер өзгерту қажет болса, 2025 жылы өзгерістер енгіземіз. Біз бұған шыдаймыз деп ойлаймын", – деді Досаев.

Айта кетейік, бұған дейін Наурызбай ауданының тұрғындарымен кездесуде алматылықтар қала әкімі Ерболат Досаевқа шағымданып, қоғамдық көліктің жетіспеушілігіне наразы болғаны туралы жазған едік. 

Жұмаділлә Нұрила
Бейсенбі, 29 Ақпан, 2024 11:51
Талқылау