Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда интимді қызмет көрсетуді талап еткен полицей жұмысынан қуылды

Алматыда полиция бөлімінің қызметкері құқық қорғау органының беделін түсіретін әрекетке барғаны үшін қызметінен кетті. 

Интернетте Алматы полиция департаменті қызметкерінің қатысуымен видео пайда болды, кадр сыртында бойжеткен полицейді өз өкілеттіктерін асыра пайдаланды деп айыптайды.

Екі ер адам мен бойжеткеннің айтуынша, полицей дене массажын жасайтын орынға келіп, интимдік қызметті талап етеді. Қызметкер ондай қызмет жоқ екеніне сендіруге тырысады. Видео соңында айқас басталып, полицейдің ресми куәлігі камераға түседі.

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл факт бойынша қаланың жеке қауіпсіздік басқармасы ішкі тексеріс жүргізгенін хабарлады.

«Бүгін тәртіптік комиссияның шешімімен ішкі істер органдарына нұқсан келтіретін теріс қылық жасағаны үшін, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілеріне арналған Әдеп кодексінің талаптарын сақтамағаны үшін, сондай-ақ Құқық қорғау қызметі туралы Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын бұзғаны үшін, Алматы қаласының ДП-нің патрульдік полиция полкінің қызметкері ішкі істер органдарынан шығарылды», - деп атап өтті полицияда.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр