Алматыда хостелдегі өрттің салдарынан 13 адам мерт болды
Алматыда өрт болып, салдарынан 13 адам қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

30 қарашада сағат 05:33-те Алматыдағы Әди Шәріпов көшесінде өрт шыққаны туралы хабар түсті.
Өрт сөндіру бөлімі оқиға орнына 7 минутта жетті. Үш қабатты тұрғын үйдің 1 қабаты мен жертөлесінде өрт шыққан. Жертөлені де хостел есебінде қолданыпты. Өрттің жалпы ауданы болжам бойынша 30 шаршы метр.
Қабылданған шаралардың арқасында өрт 06:22-де сөндірілді. Барлау және өртті сөндіру барысында 13 адам мерт болғаны белгілі болды, олардың жеке басы анықталуда. Ал екі адам ауруханаға жеткізілді. Болжам бойынша, олар көмірқышқыл газынан уланып қалған.
Хостелде 72 адам болған, 59 адам эвакуацияланған.
Өртті сөндіруге төтенше жағдайлар департаментінің 46 адамы мен 13 техникасы жұмылдырылды.
Өрт пен қазаның себебі анықталуда.
Мақсатым — Олимпиада. Жаңа бапкерлік штаб 1,5 жылда нәтиже береді — Ғұсман Қырғызбаев
Ғұсман Қырғызбаев: Біздің қырғыздарға ешқандай қатысымыз жоқ
Қазақстанда шетелдіктер тұрақты тұру үшін қазақ тілінен тест тапсырады: Бұл талап интеграцияны күшейте ме, әлде көшуге ниеттілерді азайта ма?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі