Алматыда кейбір вакциналар таусылып қалған
Алматыда коронавирусқа қарсы Hayat-Vax және CoronaVac вакциналары таусылды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Қалада вакцина қоры жеткілікті. Бұл "Sputnik V" вакцинасына қатысты. "Hayat-Vax" және "CoronaVac" өкінішке қарай, қазір жоқ", – деді спикер.
Сонымен қатар ол соңғы 10 күнде ауруханалардағы науқастардың саны 2,5 есе өскенін атап өтті.
"Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде науқастардың саны 10 күннің ішінде 50-ден 121-ге дейін, яғни 2,4 есеге көбейді. Бүгінгі таңда БМСК және Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 3 255 пациент бар, ал ауруханалар мен үйде 40 жасқа дейінгі жастар санының күрт өсуі байқалды”, – деді ол.
Бүгінгі таңда Алматыда 212 вакцинация пункті жұмыс істейді. 308 вакцинация бригадасында 1 260 медицина қызметкерлері жұмылдырылды.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған