Алматыда Glovo курьері қасынан өтіп бара жатқан қызды артынан ұрып кеткен
Алматыда танымал тасымалдаушы компанияның курьері қасынан өтіп бара жатқан қызды артынан ұрып кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл оқиға туралы НеМолчи.kz қоры мәлімдеді. Оқиғаның бейнежазбасы Instagram желісінде пайда болды.
НеМолчи.kz қорының хабарлауынша, оқиға 24 тамыз күні Алматыдағы Асанбай Асқаров көшесінде болған. Бейнежазбадан қыздың жанынан өтіп бара жатқан Glovo курьерінің қыздың артынан ұрып жібергенін анық көруге болады.
Қор Алматы полиция департаментінен мотоцикл жүргізушісін тауып, жауапкершілікке тартуды сұрады.
Glovo компаниясы болған оқиғаға қатысты пікір білдірді.
"Осы оқиғаны біздің назарымызға жеткізгеніңіз үшін алғыс білдіреміз. Әлемдік деңгейде Glovo компаниясы мұндай мінез-құлықты және кез келген күш көрсету әрекетін қолдамайды. Қауіпсіздік қызметі бейнедегі курьердің жеке басын анықтауда", – делінген хабарламада.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан