Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда ғылыми-зерттеу институтының кеңсесі өртенді

Алматыда Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтының екінші қабаты өртенді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің "101" пультіне 14:04 Алатау ауданы, Нұрпейісова 2а мекенжай бойынша өрт шыққан түтін туралы хабарлама түсті.

"Өрт сөндіру бригадасы жоғары дәрежедегі шақырту бойынша жұмылдырылды, құтқарушылар оқиға орнына 5 минутта жетті. Олар келген кезде үш қабатты әкімішілік ғимараттың екінші қабатының 45 шаршы метр жері өртеніп кетті",-деді ведомстводан.

Өртті сөндіруге 14 бірлік техника мен 47 адам жұмылдырылды. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Айта кетейік, бүгін Алматыда жолаушылар автобусы өртенген болатын.

Талқылау