Алматыда фельдшер жігіттер жедел жәрдем көлігінің ішінде жүкті әйелді босандырды
Алматыда жедел жәрдем қызметкерлері жүкті әйелді босандырды. Жаңа туған ана сәбиімен қазір перинаталды орталықта жатыр.

Фельдшер жігіттер алматылық әйелді жедел жәрдем көлігінде босандырды, деп хабарлайды Алматы арнасы.
«Жүкті әйел толғақ күшейген кезде жедел жәрдем қызметін шақырды. Фельдшерлер оны ауруханаға апарды. Бірақ жаңа туған нәресте жедел жәрдем көлігінде өмірге келді», - дейді дәрігерлер.
Жүкті әйелді 8-қосалқы станцияның фельдшерлері Равиль Азизов пен Баратжан Рембакиев босандырып алды. Алматылық әйел жаңа туған ұлымен ақазір перинаталды орталықта жатыр. Олар өздерін жақсы сезінеді», - деді акушерлер.
Қазақстандықтар 3600 орындық елордалық стадион мен "Бішкек Аренаның" қаражатын салыстырды
Стадион құрылысының құны – ҚҚС-ты қоса есептегенде 16,7 миллиард теңге
"Қаламақымызды ала алмай отырмыз": Ақындар мен композиторлар Қазақстан авторлық қоғамына қарсы шықты
Олар бұл жағдайдың авторлардың табысына тікелей әсер етіп отырғанын айтты