Алматыда ер адам пәтердегі сейфті ұрлап, троллейбусқа мініп қашпақ болған
Фото: Polisia.kz
Алматыда полицейлер пәтердегі сейфті ұрлап, троллейбусқа мініп қашпақ болған ер адамды ұстады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл адам Алматы қаласының криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген арнайы операция барысында ұсталды. Қылмысты жасаған соң ол ұрланған мүліктің бір бөлігін, шағын сейфті, қала троллейбусымен алып кетпек болған.
"Қазір күдіктінің басқа ұқсас қылмыстарға қатысы тексерілуде. Біз мүліктік қылмыстарды ашу бойынша күнделікті жұмыс істейміз және қала тұрғындарының мүлкін қорғауға ерекше көңіл бөлеміз", – деді Алматы қалалық полиция департаментінің криминалдық полиция басқарма бастығы Асхат Даулетияров.
Қазір оқиғаның барлық жағдайын анықтау үшін тергеу және жедел шаралар жалғасып жатыр.
Шошқа тұмауы Қазақстанға жетті: Неден сақтану керек
Дәрігер: "Қызу көтеріліп, бұлшықеттер мен буындардың ауырады"
Қолдан көлік аларда нені ескеру керек? Автосарапшы қазақстандықтар жіберетін қателікті айтты
Сарапшының сөзінше, көліктің бағасы нарықтағы орташа құнынан едәуір төмен болса, оның себебін анықтаған жөн