"Жарылғыш зат қойылғаны хабарланған": Алматыда Mega сауда орталығында келушілер эвакуацияланды

Фото: Желі кадрларынан скрин
Алматыда Розыбакиев көшесінде орналасқан Mega Alma-Ata сауда орталығында белгісіз адам жарылғыш зат қойылғаны туралы анонимді хабар таратқан. Салдарынан келушілер мен қызметкерлер эвакуацияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, ақпарат түскен бойда барлық жедел қызметтер мен арнайы бөлімшелер жұмылдырылған. Сауда орталығының аумағы қоршауға алынып, ғимаратты комиссиялық тексеруге мамандар келген.
Полиция жалған хабарлама берген адамның жеке басын анықтап жатыр. Оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік қарастырылған.
-
15 млн теңге көлемінде сыйақы алуға болады: Қазақстанда жемқорлық туралы хабарламаға қанша төленеді?
Ведомство тұрғындарды тыныштық сақтауға, құқық қорғау қызметкерлерінің талаптарын орындауға және қауіпсіздік қызметтерінің нұсқауларын мүлтіксіз орындауға шақырды.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды