Желіде Ақтау мектептеріне шабуыл жасау туралы хабарламалар тараған (видео)

Фото: Видеодан скрин
Белгісіз біреулер желіде Ақтаудың мектептеріне келіп, білім мекемелерінде атыс ұйымдастырады деген ақпарат таратып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әлеуметтік желіде болып жатқан дүрбелеңге қатысты полиция қала тұрғындарына ескерту жасады.
“Құрметті тұрғындар! Мессенджерлерде мектептерде дайындалып жатқан террористік әрекеттер туралы жалған ақпарат тарап жатыр. Осындай қауесеттерге сенбеулеріңізді және тексерілмеген хабарламаларды таратпауларыңызды сұраймыз. Полиция тексеріс жүргізіп жатыр, қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Жағдай толық бақылауда”, – деп мәлімдеді Маңғыстау облысының полициясы.
Қала әкімдігі де бұл ақпараттың жалған екенін айтып, полицияның түсініктемесін ұсынды.
Полиция қызметкерлері теракт туралы жалған хабарлама таратқандарға 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын еске салды.
Қазақстандық дәрігерлер Республика күніне сыйақы берілмегеніне жаппай наразы болды: Сыйақыны кімдер алады
Сонымен қатар қолданушылар медицина қызметкерлерінің жалақысы мен әлеуметтік жағдайын жақсарту қажеттігін көтерген
Зейнетақы жинағын аннуитетке аудару тиімді ме, әлде БЖЗҚ-да қалдырған дұрыс па? Сарапшы түсіндірді
Қазақстандықтарға зейнетақы жинағын сақтандыруға асыққан жөн