Алматыда ер адам көшеде кішкентай баланың көзінше өзін-өзі қанағаттандырған
Желіде Алматыда ер адамның кішкентай баланың көзінше көшеде өзін-өзі қанағаттандырған видеосы тарады. Азаматтың баланың ағасы екені анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин
Полиция ер адамды ұстады. Полицейлер резонанс тудырған видеоға түсініктеме берді.
"Кәмелетке толмаған баланың көзінше азғындық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Оның психикалық денсаулық орталығында есепте тұрғаны және қыздың ағасы екені анықталды. Тергеу жалғасуда", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Алматыда қоғамдық көлікте өзін-өзі қанағаттандырған ер адамға полицейлер іздеу салғаны туралы жазған едік.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"