Алматыда екі емхана вакцинация төлқұжаттарын сатқаны расталды
Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев екі емханада вакцинация төлқұжаттарын сатқанын растады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Өкінішке қарай, бұл фактілер екі емханада расталды. Екеуі де құқық қорғау органдарына жіберілді. Тергеу жүріп жатыр. Ол әлі аяқталған жоқ. Сондықтан әзірге ештеңе айта алмаймыз. Ақпарат алған күні өздеріңізбен бөлісеміз", - деді Нариман Табынбаев.
Оның айтуынша, мұндай жағдайлардың алдын алу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
"Біз мұндай жағдайлардың қайталанбауы үшін жұмыс істеп жатырмыз. Барлық емханаларда түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қатаң бақылауға алынды ", - деді қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.
Бұған дейін Нариман Табынбаев Алматыда вакцина салдырғандар арасында коронавирус жұқтырғандар туралы айтқан.
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Қазақстанда тұрақты тұруға өтініш берген шетелдіктер қазақ тілінен тест тапсырады: Оларға қандай сұрақтар қойылады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі