Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда вакцина салдырған 69 адам коронавирус жұқтырды

Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев вакцинацияланған азаматтар арасында коронавирус жұқтырғандар туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Оның айтуынша, 1 ақпаннан бастап 296 316 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 69 адам коронавируспен ауруханаларға түскен.

Табынбаевтың айтуынша, бұл вакцинациядан кейін бірден ауру тіркеледі деген сөз емес.

"Егер науқас ауруханаға түскен болса, эпидемиологиялық зерттеу жүргіземіз: вакцинаны қашан алды, бірінші немесе екінші компонент. 69 адам жаттты, кейбіреулері әлі де жатыр. Себептері әр түрлі. Тергеледі. Мысалы, жас жігіт ауруханаға түсті. Ол сенбі күні достарымен Шымбұлақта демалған, ал дүйсенбіде вакцина алған, 5 күннен кейін ауруханаға түсті. Енді аурудың себебін анықтау керек", - деп түсіндірді Табынбаев.

Ол коронавирустың инкубациялық кезеңі 2-ден 14 күнге дейін болуы мүмкін екенін айтты. Спикердің айтуынша, адамдар вакцинаны коронавируспен ауыратын науқаспен байланысқанға дейін және одан кейін алады.

Талқылау