Алматыда ер адам досының 11 жастағы қызын зорламақ болған
Алматыда досының кәмелетке толмаған қызын зорламақ болған 37 жастағы ер адам 15 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Туыстарымен жанжалдасып, досының үйіне түнеуге келген М. есімді азамат барлығы ұйықтап кеткен соң, арғы бөлмедегі досының 11 жастағы қызын көріп, оны зорламақ болған. Бала айғайлай бастағанда оның әкесі мен ағасы жүгіріп келіп, бірден полиция шақырған.
Бұл күдіктіні қылмыс орнында ұстауға мүмкіндік берді, ол уақытша ұстау изоляторына жіберілді.
Ер адам ҚР ҚК-нің 3-бөлігі, 120-бабының 4-бөлігі "зорлауға оқталу” бойынша қылмыс жасады деп айыпталды.
Алатау аудандық соты күдіктіні 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеу туралы үкім шығарды.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі