Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ер адам екі оқушыны дәретханада зорламақ болған

Алматы облысында екі оқушы қызды қоғамдық дәретханада белгісіз ер адам зорламақ болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Ұйғыр ауданының орталығы Шонжыда болған.

9 шілде күні Ұйғыр ауданының полициясына кәмелетке толмаған екі оқушының ата-анасынан арыз түскен. Шағымданушылар 17 жастағы қыздарына қоғамдық дәретханада белгісіз ер адамның тап беріп, зорламақ болғанын жеткізген. Қыздар өз күшімен қашып шыққан.



"Жедел іздестіру кезінде күдікті ұсталды. Ол 31 жастағы Ұйғыр ауданының тұрғыны болып шықты. Тексеру барысында оның ақыл-есі кем екені, арнайы психоневрологиялық диспансерде есепте тұратыны анықталды. Оған қатысты нақты шешім арнайы тағайындалған психиатриялық сараптамадан кейін белгілі болады", – делінген облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Екі шағым иесінің арызына сәйкес күдіктінің үстінен "зорлауға оқталу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Талқылау