Алматыда демалыс күндері автобустар жүре ме: Бекшин жауап берді
Алматының бас санитарлық дәрігері демалыс күндері автобустардың қозғалысына әзірге шектеу қойылмайтынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жандарбек Бекшиннің мәліметінше, демалыс күндері автобустардың қозғалысына шектеу қою туралы хаттама шыққан жоқ. Бұл туралы нақты ақпарат ертең берілетін болады.
"Автобустарға қатысты мәселе әлі нақтыланған жоқ. Егер демалыс күндерінде автобустардың қозғалысына шектеу қойылатын болса, ертең алдын-ала мәлімдейтін боламыз", - дейді Бекшин.
Ал қалалардың арасыда жүретін пойыздар күнделіккті өз жұмысын әдеттегідей жалғастырмақ.
"Қазіргі таңда Алматы маңындағы қалааралық пойыздардың жұмысы қалпына келтірілді. Көлік басқармасының қадағалауымен екі бағыт бойынша жұмыс жасайды. Пойыздар демалыс күндері де, жұмыс күндеріде жүретін болады", - дейді бас санитарлық дәрігер
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі