Алматыда дәрі жоқ: Қала әкімдігі түсіндірді
Әлеуметтік желіде Алматы дәріханаларында дәрі жоқ деген ақпарат тараған болатын. Қала әкімдігі ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Аудиожазбаларда, қазақстандықтарды коронавирусқа қарсы вакцинациялау үшін, қызуды түсіретін препараттардың сатылымнан алынып тасталғаны айтылады.
Алматы әкімдігінің дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жөніндегі үйлестірушісі Заңғар Сәлімбаев бұл ақпаратты жоққа шығарды.
"Алматыда апта сайын қаланың ауруханалардың, емханалары мен дәріханалардың дәрі-дәрмектермен, медициналық бұйымдармен және жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етуге мәселесіне мониторинг жүргізіледі. 26 қаңтардағы жағдай бойынша ауруханаларда 2 695 мың дәрі-дәрмек бар. Сонымен қатар, "СҚ-Фармация" тарапынан 302 мың теңгеге дәрі-дәрмектер жеткізіледі деп күтілуде. Бүгінгі күні коронавирустық инфекцияны емдеуде сұранысқа ие дәрі-дәрмектер барлық дәріханаларда бар. Қамсыздандыру 85-90% құрайды, дәріханалардың қалған бөлігінде сұранысқа ие 1049 мың дәрі бар", - деп түсіндірді ол.
Сонымен қатар, нарықты қанықтыру үшін тұрақтандыру қоры есебінен қаланың дәріханаларына дәрі-дәрмек жеткізу жалғасуда.
"Бүгінгі күні қалаға 47,1 миллион дәрі-дәрмек пен медициналық мақсаттағы бұйымдар жеткізілді, 47,2 миллион, 22,3 миллион сатылды, 24,8 миллион бар. 2021 жылы 453 мың дәрі-дәрмек келеді деп күтілуде", - деп толықтырды Заңғар Сәлімбаев.