Алматыда ірі өрт болды: Дәмхана өртенген
Алматыда «Манхэттен» тұрғын үй кешенінің жанында дәмхана өртенді, деп хабаралйды Stan.kz ақпарат агентігі Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде өрттің видеосы пайда болды. Жалын бүгін таңертең шыққан. Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің «101» пультіне Брусиловскиий көшесіндегі № 134 үйден хабарлама сағат 8:36 түсті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына бірнеше минутта жеткен.
Қазіргі уақытта өрт толықтай сөндірілді. Болжам бойынша екі қабатты «Пазанда» дәмханасының шатыры өртенген. Жалынды сөндіруге 36 адам және 12 техника жұмылдырылды.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған