50 жастағы талдықорғандық ер адам интимдік қызмет көрсеткен жігітке ақша төлеуден бас тартқан
Талдықорғанда 50 жастағы Көксу ауданының тұрғыны жігітке интимдік қызмет үшін ақы төлеуден бас тартып, оны тонап кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Halyqstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: in.pinterest.com
Белгілі болғандай, ер адам жалдамалы пәтерге 25 жастағы жігітті шақырып, 15 мың теңгеге интимдік қызмет көрсету туралы келісім жасаған. Алайда кейін қосымша қызметтерді талап етіп, оған 50 мың теңге қосымша ақы төлеуден бас тартқан. Екеуінің арасында жанжал туындаған.
Тергеу барысында айыпталушы күш қолданып, көрсетілген қызметке көңілі толмай, жігіттің iPhone телефонын тартып алған. Артынша пәтерден шығып кеткені анықталды. Оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырды. Айыпталушының әйелі мен балалары мәселені бейбіт жолмен шешуге тырысып жатыр.
Алайда жәбірленуші ымыраға келуден бас тартып, заң аясында әділ жаза тағайындауды талап етіп отыр. Қылмыстық іс Талдықорған қалалық сотына жіберілді.
Еске салайық, бұған дейін әнші Алмас Кішкенбаевтың жасөспірімге тиіскені үшін полицияға жеткізілгені туралы ақпарат тараған еді. 17 жастағы баланың айтуынша, сыраға шамамен 40 жастағы ер адам тапсырыс берген. Ол алкогольді алып, кейін курьерге бірге ішуді ұсынған. Оның үстіне, сол кезде ер адам 11-сынып оқушысының интимдік жағынан ұстап алған. Курьер дереу үйіне барып, әкесіне бәрін айтып, құқық қорғау органдарына хабарласқан.