Алматыда бизнес-орталықтардың бірінде интернет-алаяқтарға арналған байланыс орталығы жұмыс істеген
Алматының бизнес орталықтарының бірінде интернет-алаяқтарға арналған колл-орталық жұмыс істеп келген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Unsplash
Алматы қалалық қадағалау органының мәліметінше, байланыс орталығы 24 азаматты жұмыспен қамтыған.
"Жедел іс-шаралар барысында ірі бизнес-орталық кеңселерінің бірінде ұйымдастырушысы Ресей азаматы болған, Қазақстанның 24 азаматын жұмысқа тартқан байланыс орталығы анықталды. Олар әлеуетті клиенттерге қоңырау шалып, криптовалютаға инвестициялауды ұсынған. Ал крипто-шоттарына ақша аударғаннан кейін олар жәбірленушілердің қоңырауларына тосқауыл қойған", –деді прокуратура.
Түрлі GSM шлюздері мен Sim-Box арқылы Интернетке жасырын қоңырау шалу үшін бағдарламалық құрал орнатылған 60 компьютер мен басқа да жабдықтар алынды.
Сондай-ақ мінез-құлық және клиенттермен жұмыс істеу алгоритмін сипаттайтын дайын сценарийлері бар жазу кітапшалары тәркіленді. Онда не айтужәне өзін қалай ұстау керегі көрсетілген.
Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, жәбірленушілер мен келтірілген шығын көлемі анықталып жатыр.
Прокуратура азаматтарды абай болуға, күмәнді инвестицияға сенбеуге шақырды. Сондай-ақ банк картасының деректемелері мен кіру кодтарын бейтаныс адамдарға бермеуді сұрады.
Егер сізде осындай байланыс орталығының жұмыс істеу мүмкіндігі туралы ақпарат болса, құқық қорғау органдарына хабарлаңыз.