Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда белгісіз біреулер жоғары оқу орнында жарылғыш зат бар деп хабарлаған (видео)

Сүлеймен Демирел атындағы университет әкімшілігі 8 сәуірде әлеуметтік желілерде тараған видеоға қатысты үндеу жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин

Желіде тараған видеода Алматыда Сүлеймен Демирел атындағы университетте бомба бар деген ақпарат тарап, студенттердің эвакуацияланғаны айтылған.

Университет басшылығы оқу орнында болған оқиғаға қатысты түсініктеме берді. 

 



"Біздің аймақтағы бірнеше ұйым жарылғыш зат қою мүмкіндігі туралы хабарлама алды. Қазір құқық қорғау операциясы жүргізіліп жатқанын және барлық қауіпсіздік шарасы қолға алынғанын мәлімдейміз. Бұл операция "біздің қоғамдастықтың барлық мүшесінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндеттеледі. Студенттердің, қызметкерлердің және келушілердің қауіпсіздігі – біздің басты басымдығымыз. Олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажет шараны қабылдадық", – делінген хабарламада. 

Университет басшылығының хабарлауынша, қызметкерлер мен студенттердің қауіпсіздігіне алайдайтындай қауіп-қатер жоқ.

"Кампустағы барлық тексеруді аяқтағаннан кейін университетке кіруге рұқсат береміз", – деді университет әкімшілігі. 

Айта кетейік, бұған дейін Ақтауда теракт жасамақ болған азамат ұсталғаны туралы хабарлаған едік. Оның тұрғылықты жерін тінту барысында зақымдайтын элементтері бар жарылғыш құрылғыны дайындауға арналған компоненттер және өзге де заттай дәлелдемелер алынған.

Талқылау