Басын кесіп, пакетке салып кеткен: Алматылық әйелді өлтірген ер адам 20 жылға сотталды
Алматыда әйелдің басын кесіп өлтірді деп айыпталған ер адамға қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сот отырысы алқабилердің қатысуымен өтті. Сот үкімімен, сондай-ақ алқабилердің шешімімен 61 жастағы айыпталушы 20 жылға бас бостандығынан айырылды.
"Сот оны Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігінің 12-тармағында көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, 20 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды", – деді судья Мәртпек Кәкімжанов.
Еске салсақ, ағымдағы жылдың 12 сәуір күні Алматыдағы сауда орындарының бірінен басы кесілген әйелдің денесі табылған еді. Күдікті 24 сәуірде ұсталып, қамауға алынды.
Айыптау қорытындысына сәйкес, ер адам қылмысты алдын ала жоспарлаған. Бұл үшін ол тіпті алдын ала пышақ пен кесілген органдарды салу үшін сөмкелерді дайындап барған.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі