Алматыда әйел екі жылға жуық жалған ұшақ билетін сатып келген
Алматыда әйел екі жылға жуық уақыт бойы тұрғындарға жалған авиабилет сатқан. Ол өзін туристік фирма қызметкері деп таныстырған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Полиция бұрын сотталмаған 36 жастағы әйелдің 2020 жылдың қаңтарынан бастап 2021 жылдың қазанына дейін жалған билет сатқанын хабарлады.
"Тергеу күдіктінің туристік фирманың бірінің қызметкері болып таныстырғанын анықтады. Клиенттердің аңғалдығын пайдаланып, олардан билет құнын толық алған. Сатып алушыға сатып алуды растайтын жалған талон берген. Бұл туралы клиент әуежайда ұшуға дайын тұрғанда рейс жолаушылары тізімінде өзінің жоқ екенін білген кезде түсінген", - деп хабарлады полиция.
Осындай қылмыс бойынша 12 жәбірленуші арызданған. Қылмыстық істің барлығы бір іске біріктіріліп, Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі 4-тармағы ("алаяқтық") бойынша тергелді.
Полиция күдіктінің бұрын жасалған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексереді.
Екі күнде үш рет төтенше жағдайда қонды: Авиация сарапшысы қыс мезгілінде ұшудың қаншалық қауіпті екенін айтты
Абыл Кекілбаев төтенше қонулар авиакомпанияларға тек ерекше жағдайда ғана жасалатынын айтты
Қолданыста жүргеніне 50 жылдан асқан: Астанадан ұшқан қазақстандық ұшақтағы түсқағазды көріп жағасын ұстады (видео)
Желі қолданушысы: "Қатты дыбыстан құлақ бітіп қалды, ұшақ қирап қалатындай көрінді"