Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Доллар бағамының күрт өcуіне байланысты тұрғын үй бағасы көтеріле ме?

Cарапшылардың пікірінше валюта бағамының күрт өзгеруінен кейін тұрғын үй бағасы сөзсіз өседі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Energyprom.kz. сайтына сілтеме жасап.

үй

"Қазақстандық тұрғын үй нарығы ұлттық валютаның әлемдік валюта яғни, доллар мен еуроға қатысты бағамына байланысты өзгеріп отырады. Себебі тұғын үй құны теңге құнымен тікелей байланысты, оны үнемі бақылап отырады", – дейді сарапшылар.

Сондай-ақ сарапшылар 2014 жылы болған жағдайды мысалға келтіріп отыр. Ол кезде доллар мен еуро 17,8%–ға, ал жаңа тұрғын үйдің шаршы метрі – 15,2%-ға, екінші нарықтағы тұрғын үйдің "шаршы метрі" бірден 19,9% - ға қымбаттады. Девальвация қорытындысы бойынша 2016 жылы бастапқы нарықта тұрғын үй құны 10%-ға жуық өссе, екінші нарықта-7,9%-ға көтерілді.

"Қазақстанда барлық есеп айырысулар теңгемен жүргізілетініне қарамастан, нарықтағы құрылыс материалдарының көпшілігі импортқа тәуелді. Бұл дегеніміз – теңгенің бағамына тікелей қатысты деген сөз. Қазақстандық құрылыс салушыларда бағаны көтергеннен басқа амал болмайды”, - деп атап өтті Energyprom.kz.

Қазақстанның өз өндірісінде бәрі жақсы болғанымен отқа төзімді цементтер мен ерітінділердің сегменттері, бетоннан жасалған бұйымдар (98,1%), портландцемент (86,8%), құрылыс ерітінділері (99,8%), бояулар мен лактар (66%) - қазақстандық тауарлар құрамында импорттық компоненттердің үлесі жоғары.

Мысалы, Қазақстанда құрылыс ерітінділері мен бояуларына арналған қажетті химикаттар іс жүзінде өндірілмейді. Демек елімізде өндірілгенімен, мұндай өнімдердің бағасы ЕО елдерінен импортқа байланысты болады.

Курстың кезекті серпілісімен елдегі құрылыстың өзіндік құны өседі, ал онымен бірге тұрғын үй бағасы да өседі.  Сарапшылар Қазақстанда жылжымайтын мүлікке инвестициялар-ұтылыссыз нұсқалардың бірі екенін атап өтті. Жылжымайтын мүліктің бағасы жоспарлы түрде еуро мен долларға жетіп, тұрғын үй сенімді инвестиция болып қала береді.

Талқылау