Алматыда автобус жаяу жүргіншілерді қағып кетті: Қаза тапқандар бар
Алматыда автобус аялдамада тұрған бір топ адамды қағып кеткен. Қаза тапқандар бар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Алматы қалалық полиция департаменті ақпаратты растады. Полиция мәліметі бойынша, жол апаты салдарынан үш адам қаза тауып, 4 адам жараланған.
Жол апаты 22 желтоқсан күні кешке Алматыдағы Райымбек даңғылында, №7 қалалық аурухананың маңында болған.
Полиция мәліметінше, апатқа ұшыраған №47 автобусты әйел жүргізуші басқарған. Жүргізуші мен жолаушының арасында жанжал шығып, жолаушы жүргізушіні ұрып жіберген. Соққадан жүргізуші есінен танып, автобус басқарусыз қалған.
Куәгерлердің айтуынша басқарудан шығып кеткен автобус төрт көлікке соқтығысып, содан соң аялдамада тұрған бір топ адамды соғып кеткен.
Алматы қалалық полиция департаменті мен денсаулық сақтау басқармасы жол апатына қатысты тың деректермен бөлісті.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"