Алматы полициясы әнші Бауыржан Әшіғалиевке іздеу жариялады
Алматы полициясы бастығының орынбасары Рустам Абдрахманов музыкант Бауыржан Әшіғалиевке іздеу жарияланғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыс жасады деген күдікпен (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) 1986 жылы 18 наурызда туған Әшіғалиев Бауыржан Жәнібекұлына іздеу жарияланды. Бұлтартпау шарасы: қамауға алу",- деп жазды Рустам Абдрахманов.
Сондай-ақ ол Әшіғалиевке қатысты қандай да бір мәліметке ие азаматтардан +7 701 758 67 60, +7 708 683 94 33 және 8 (727) 254 43 51 телефон нөмірлеріне хабарласуды сұрады.
Еске салсақ, 2019 жылы әншінің әйелі Ксения Әшіғалиева күйеуі оны өлтірмек болғанын айтқан болатын.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"