Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда алаяқтық жасады деген күдікпен экс-судья ұсталды

Алматыда 9 қазан таңертең экс-судья Светлана Жолманова алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: “Время”

Жедел іздестіру шаралары барысында Жолманова ұсталды. Ол аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген.

Ұсталғаннан кейін ол тергеу амалдарын жүргізу үшін Медеу аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Оған уақытша ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалмақ.



Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі Медеу аудандық полиция бөлімі шынымен де алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғағанын хабарлады.

"Күдікті полицияға жеткізілді, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – деп мәлімдеді Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Еске салайық, 2021 жылдың 29 сәуірінде Алматы қалалық соты тергеуге түскен судья Светлана Жолманованың кабинетінен 10 мың доллар табылғанын растады. Ұлттық қауіпсіздік комитеті арқылы тергеу басталып, судьяның өзі кінәсіз екенін айта бастаған. Жоғарғы сот кеңесі осыдан кейін алматылық судья Светлана Жолманованы қызметінен босатқан еді. 

Талқылау