Алматыда ағаштарды өртеген ер адам ұсталды
Алматы полиция департаменті ағаштарды өртеді деген күдікпен 1968 жылы туған ер адамды ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бостандық ауданы өрт орындағы ер адам бейнекамерадағы жазбалар мен куәгерлік айғақтарының көмегімен ұсталған. 1968 жылы туған ер адам өзінің от жаққанын мойындады.
“Ер адам мас күйде болғанын және консервілерді жылытқысы келгенін айтқан, бірақ өрт бұталарға өткен, сол кезде ер адам қорыққанынан оқиға орнынан кетіп қалған”, – делінген хабарламада.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желі қолданушылары Алматыда от жаққан ер адамның видеосын жариялаған еді. Пікір қалдырған азаматтар видеодағы адам Көк-Төбе маңындағы өртті әдейі тұтатты деп болжаған.
"Өзімізді дәлелдедік": Олимпиадада жүлделі орын алған таэквондошылар Қазақстанға оралды
Спортшыларымыз жай келмей, жүлделі орындармен оралды
Қазақстандық әйел жалға алушыны пәтерінен шығара алмай, сотқа берген: Алайда сот қараудан бас тартты
Пәтер иесі: "Жалдау шартын бұзылған деп тану және жалға алушыны пәтерден шығаруды міндеттеу талабым "кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотқа жүгіну керек" деген негізбен бас тартылды"