Алматыда афтершоктардың қайталану қауіпі сақталады — Төтенше жағдайлар департаменті
Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті оңтүстік астанада жер сілкінісінің қайталану қауіпі сақталатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Stan.kz
Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаевтың сөзінше, қазір арнайы штаб құрылған.
Алматыдағы жер сілкісінен кейін жедел желі іске қосылды
"Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінде арнайы штаб құрылды. Дәл қазіргі уақытта жер дүмпуінің қайталану қаупі әлі де сақталады. Афтершок. Бүкіл қала тұрғындары мен қонақтарын сабыр сақтап, жақын орналасқан халықты қабылдау пункіне баруларыңызды сұраймыз", — деді Нұрлан Атығаев.
Айта кетейік, бұған дейін 4 наурызда Алматы қаласында тағы да 5 балдық жер сілкінісі тіркелген еді.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған