Алматыда 9 жастағы бала жоғалып кетті
Алматыда жоғалған 9 жасар баланы полиция іздеп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Полиция дептаментінің хабарлауынша, 2011 жылы туған Месут Мырзақұлов Медеу ауданындағы үйінен 1 қыркүйек күні сағат 13:00 шамасында шыққан, бірақ үйіне қайтып оралмаған.
"Бойы 125 сантиметр, дене бітімі жұқа, шашы қара. Арнайы белгілер жоқ. Ол ашық түсті жолақ сызықтары бар футболкада, қара көк шортпен, ақ шілтері бар қара көк түсті кроссовкада болған. Месут Мырзақұловтың қайда екендігі туралы бірдеңе білетіндерден тез арада полицияға хабарлауларыңызды сұраймыз", - дейді басқармадағылар.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"