Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында 18 жастағы бозбала із-түссіз жоғалып кетті

Ақмола облысында 18 жастағы Рахат Мұқашев есімді бозбала жоғалып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  

жоғалып кетті

Ақмола облыстық ПД мәліметіне сүйенсек, тамыздың 27-де Астрахан аудандық ПБ кезекшілік бөліміне 55 жастағы жергілікті тұрғын хабарласып, 2002 жылы туған ұлы Рахат Жанбатырұлы Мұқашевті іздеп табуға көмек сұраған.

Әкесінің сөзінше, ұлы 2020 жылдың 25 тамыз күні түнгі 00:50 шамасында киімін жинап, үйінен кетіп қалған. Таңертең тұрғанда анасы Рахаттың үйде жоғын анықтаған. Бұған қоса, ол жеке заттарын, жеке куәлігі, 40 мың теңге ақша, сөмкесіне салынған киімі, ұялы телефонын бірге алып кеткен.

Жоғалған жігіттің жақындары тамыздың 24-де ол құжаттарын қорғаныс бөліміне тапсырып, үйінде болғанын айтады. Сол күні көңіл күйі болмай, ешкіммен сөйлеспей, телефонын қарап отырды.

"Бейнебақылау камерасындағы жазбаларды тексеру кезінде ол тамыздың 25-де түнгі сағат 01:05 шамасында Астрахан ауылындағы автостанция жолына шығып, "Екатеринбург-Алматы" бағытындағы тасжолда кетіп бара жатқан белгісіз көлікке отырғаны анықталды. Қазіргі кезде Рахаттың ұялы телефоны сөндірулі. Алайда, Нұр-Сұлтан қаласының волонтерлері оның 26 тамыз кешкі сағат 22:00 шамасында "Махаббат" тұрғын үй кешені аумағындағы орындықта отырғанын көрген", - делінген ресми хабарламадан.

Айта кетейік, Рахаттың бойы - 171 см, дене бітімі - мығым, шашы - қара, қысқа қиылған, көздері қоңыр, құлағы қалқиған. Үстіне қара-көк жұқа күрте, қара түсті трико, қара түсті кроссовка киген. Өзімен бірге қара-қоңыр түсті сөмке және «Редми» ұялы телефоны бар. Полицейлер бозбаланы көрген адамдар Ақмола облысының Астрахан аудандық ПБ (8-71641) 2-21-81, 8-705-423-52-07 немесе «102» арнайы желісне хабарласа алатынын жеткізді.

Талқылау