Алматыда 85 жастағы талапкер ҰБТ тапсыруға келді (видео)

Алматы қаласында өткен тамыз айындағы ҰБТ-ға ерекше қатысушы келді. 85 жастағы Нұрихан апа жастық шағынан бері қол жетпеген арманын орындап, университетке түсу үшін ҰБТ тапсырып көруді ұйғарған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ұлттық тестілеу орталығы таратқан мәлімет бойынша, Нұрихан апа бар ғұмырын бала тәрбиесіне арнап, жоғары білім ала алмаған. Биыл ақ жаулықты ана оқуға түсу үшін тест тапсырып көруге бел буыпты. Жақындарының қолдауымен ол ҰБТ-ға тіркеліп, көптен күткен сәтке жетті.
"Тестілеу күні балалары демеуші болып жанынан табылды. Емтихан басталар алдында Нұрихан апа талапкерлерге ақ батасын беріп, "Оқу мен білімге ұмтылу – ешқашан кеш емес" екенін жүрекжарды тілегімен жеткізді. Бұл жолы компьютермен жұмыс істеу дағдысының жоқтығы тест тапсыруға кедергі болды", – делінген тестілеу орталығы хабарламасында.
Дегенмен Нұрихан апа компьютерді үйреніп, келесі жылы қайта келуге ниетті екенін айтты.
"Дипломынан айырылғалы отыр": Алматыда әскерге күштеп әкеткен студенттің анасы президенттен араша сұрады
Жанаттың айтуынша, ұлы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің күндізгі бөлімде мемлекеттік грант негізінде білім алып жүрген
Мамандар шәйнектегі қақ пен су сапасының байланысын түсіндірді: Шөгінділерге алаңдамауға кеңес берілді
Тау өзендерінен алынған су тұтынушыларға жеткізілгенге дейін 10-15 сағат тазартудан өтеді