Алматыда 44 жастағы сержант өзіне қол жұмсады
Алматы қаласының Түрксіб ауданындағы Құрлық әскерлері Әскери институтының аумағынан 44 жастағы сержанттың денесі табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: pixabay.com
Ақпаратты ішкі істер министрлігі растады. Тергеу адамды өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша басталған.
“Аталған факті бойынша Оңтүстік өңірлік әскери-тергеу басқармасы ҚР ҚК бірінші бөлігінің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады”, - деп хабарлады ІІМ.
Әскери институттың баспасөз қызметі 12 қыркүйекте институттың инженерлік қалашығында 1980 жылы туған келісімшарт бойынша әскери қызметкердің денесі табылғанын растады.
"Алдын ала мәлімет бойынша, әскери қызметекер өз-өзіне қол жұмсаған. Іс жүзінде қылмыстық іс қозғалды. Себептері мен жағдайлары анықталуда. Тергеу шаралары жүргізілуде. Құрлық әскерлері әскери институтының басшылығы марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Оларға барлық қажетті көмек көрсетіледі", - деп хабарлады институт.