Алматыда 400 адам маска тақпағаны үшін 83 мың теңге айыппұл төлейді
Алматыда 400 адам маска тақпағаны үшін 83 мың теңге көлемінде айыппұл төлейді. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қаланың әрбір қоғамдық орындарында маска тағу туралы ақпараттар ілінген.
"Бірақ, кейбір азаматтар масканы тақпай, қалтасына салып жүреді. Ыңғайсыз екені рас. Бірақ, біз бұл әдетке үйренуіміз керек. Өз денсаулығымыз үшін. Бүгінде Алматыда 400 адам 83 мың теңге айыппұл төлейтін болды. Егер айыппұлды уақытында төлесе, бұл соманың жартысын ғана төлейді", - деді әкім.
Бұған дейін қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин де 1 аптаның ішінде төлеген адамға айыппұл екі есе қысқаратынын айтқан болатын.
Қазақстандықтар круизбен әлем аралаймыз деп сотталған әйелге алданып қалған
Жаннаның өзі де InCruises-ке құдағиының шақыруымен барған
"1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық желі қолданушылары "7-20-25" бойынша үй кезегіне күмән келтірді
Кей азаматтар ипотекалық брокерлер арқылы кезекті жылдамдатуға болатынын, мұндай "қызметтің" құны кемінде 1,5 млн теңгеден басталатынын айтуда