Алматыда 380 орынға арналған инфекциялық орталықтың құрылысы басталды
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары барысында жаңа инфекциялық аурухананың құрылысымен танысты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Сағынтаев әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Әкім Алатау ауданына қарасты "Нұркент" ықшамауданындағы болашақ медициналық орталықтың құрылыс алаңында болғанын жазды.
Елбасының тапсырмасымен құрылысы басталған орталық жұқпалы ауруларға қарсы күресте медицина ғылымы мен тәжірибесін біріктіруге бағытталған. Жоспар бойынша 380 төсек-орынға арналған орталық, соның ішінде 30 реанимациялық орын қарастырылады. Аурухана 18 айда бой көтермек.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”