Алматыда 22 жастағы жігіт тұрғын үй кешенінің 20-қабатынан құлап кетті
Алматыда 22 жастағы жігіт Comfort City тұрғын үй кешенінің 20-қабатынан құлап кетті. Жас жігіт оқиға орнында көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қайғылы оқиға 19 қараша күні таңғы сағат 07.00 шамасында болған.
Алматы полиция департаменті 2001 жылы туған жігіттің өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын хабарлады.
"Аталған факті бойынша Бостандық аудандық полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі (Өзін-өзі өлтіруге итермелеу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Мән-жай анықталуда", - делінген хабарламада.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"