Алматыда 15 мың теңгеге вакцина салдырғаны туралы төлқұжат сатылып жатыр
Делдал Алматыдағы бірнеше клиникалардың атынан вакцинациядан өткені туралы электрондық паспортты ұсынады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Еуразия "бірінші арнасына сілтеме жасап.

Телеарна журналистері клиент атын жамылып "кәсіпкерге" хабарласты.
- WhatsApp-қа жеке куәлік пен үй мекен жайыңызды жіберіңіз.
- Ол қанша тұрады?
- Екі кезеңде - 15 мың теңге.
- Тексеру кезінде eGov-та деректер шынымен шығады ма?
- Шығады, сізге өткен адамдардың үлгісін жібере аламын. Бірінші кезең бүгін, екіншісі - 18 мамыр. Осыдан кейін eGov-та вакцинациядан өту туралы паспорт пайда болады.
Сондай-ақ, делдал клиникаға байланысты құны 5-тен 25 мың теңгеге дейін өзгеруі мүмкін екенін атап өтті.
Заңсыз қызмет туралы телеарнаға белгісіз көрермен хабарлаған.
Қазақстанда күз келсе де күн неге жаздағыдай жылы: Cиноптиктер себебін айтты
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
Алматыдағы "Достық Плаза" маңынан түлкі байқалды: Зоолог мұның қалыпты жағдай екенін айтты
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді