Алматыда жасырын жұмыс істеген 10 казино табылды
Алматыда электрондық казинолардың заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырумен айналысатын қылмыстық топ анықталып, жұмысы тоқтатылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жедел-іздестіру іс-шараларын іске асыру барысында қала аумағында 10 мекемеден тұратын жасырын онлайн-казино желісінің жұмыс істеп тұрғаны анықталды.
Мәселен, 2020 жылғы 6 қазанда көрсетілген заңсыз қызметтің жолын кесу нәтижесінде жедел-тергеу тобы бір ғана жерасты мекемесінен 50 дана ойын жабдығын тапты және тәркіледі, қылмыстық қызметтен алынған табыс сомасы тәулігіне 20 млн теңгеден асты. Қылмыстық топтың құмар ойындарын ұйымдастыру және өткізу үшін заңсыз қызметке 50-ге жуық адам тартылды, - деп хабарлады ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.
Аталған факті бойынша ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті Қылмыстық кодекстің 307-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады.
Маска мен мұрын фильтрі алматылықтарды лас ауадан расымен қорғай ма: Мамандар құралдардың қайсысы тиімді екенін түсіндірді
Масканың көмегі болуы үшін оның FFP2 немесе N95 түрін таңдау керек
Екі күнде үш рет төтенше жағдайда қонды: Авиация сарапшысы қыс мезгілінде ұшудың қаншалық қауіпті екенін айтты
Абыл Кекілбаев төтенше қонулар авиакомпанияларға тек ерекше жағдайда ғана жасалатынын айтты