Алматы жастарына баспана алу оңай болады - Сағынтаев
Алматыда жастарға баспана алу талаптары жеңілдейтіні туралы қала әкімі айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бақытжан Сағынтаев әлеуметтік желідегі парақшасында арнайы бағдарлама бойынша тұрғын үй алу үшін енді жастар қалада тіркелмесе де рұқсат беріледі дейді. Осылайша тұрақты табысы барлар баспанамен қамтылатын болды дейді ол.
"Алматы жастары 3.0" жеңілдетілген несие бағдарламасымен тұрғын үй алуға ниетті жұмыс істейтін алматылық жастарға қалада тіркеуде болу талабы алынды. Осы себепке байланысты қабылданбаған өтініштер қайта қаралады. 22 маусымнан өтінімдерді қабылдаудың екінші кезеңі басталады", - дейді Сағынтаев.
"Алматы жастары" бағдарламасы арқылы 35 жасқа дейінгі кез келген санаттағы алматылық пәтер сатып алу үшін жеңілдетілген несие ала алады.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар