Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Алматы жастары" тұрғын үй бағдарламасына қосымша 1,4 млрд теңге бөлінеді

"Алматы жастары" бағдарламасына қосымша 1,4 млрд теңге бөлінбек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: freepik.com

Бұл туралы Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс сессиясында қаржы басқармасының басшысы Қанат Сухамбеков мәлімдеді. Оның айтуынша, бағдарламаны қаржыландыруды жалғастыру туралы шешім қала әкімі Ерболат Досаевтің бастамасымен қабылданған. 



Қанат Сухамбеков "Алматы жастары" тұрғын үй бағдарламасын қаржыландыруға бюджеттен қосымша 1,4 млрд теңге бөлінетінін атап өтті. Бұл әлеуметтік, құқық қорғау, коммуналдық шаруашылық және басқа да салаларда жұмыс істеп жүрген жас азаматтарға қосымша 80 ипотекалық несие беруге мүмкіндік береді. 

Сондай-ақ ішкі істер органдарының 2510 қызметкерінің тұрмыстық жағдайын жақсарту үшін жергілікті бюджеттен қосымша 2,5 млрд теңге бөлу жоспарлануда.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда 2025 жылы екі ипотекалық бағдарлама іске қосылатыны туралы жазған еді. 

Талқылау