Алматы тұрғыны көршісінің үстіне қайнап тұрған су шашып жіберген (видео)
Алматыдағы жатақханада болған оқиғадан кейін полицияға арыз түсті. Жәбірленушінің үстіне көршісі қайнап тұрған суды әдейі шашып жіберген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

видеодан үзінді
Әлеуметтік желіде осы оқиғаның видеосы тарап кетті. Екі әйел пештің жанында сөйлесіп тұрған. Бір кезде ожау ұстап тұрған келіншек жанында әйелдің үстіне қайнап тұрған судың шашып жібереді.
Жәбірленуші айқайлап, өз бөлмесіне жүгіріп кетті. Ал су шашқан келіншек түк болмағандай краннан тағы су алып, ожауды пешке қойып жатыр. Видео Ақтанов көшесіндегі жатақханада түсірілген.
Алматы қалалық полиция департаменті осы оқиға Жетісу ауданында болғанын растады. Қазіргі кезде жергілікті полиция қызметі тексеріс шараларын бастап кетті.
"Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Соның нәтижесінде зардап шеккен әйелдің дене жарақаттары қаншалықты ауыр болғаны анықталады. Осыдан кейін процессуалдық шешім қабылданады", - дейді полицейлер.
Қапшағайда гидроскутер "үрлемелі диванға" соқтығысты: Әйелдің қуығы жырылып, қыз есін жоғалтқан
15 жастағы қыздың жамбас сүйектері бірнеше жерден сынып, жадынан айырылған
Әріптесінің хабарламасы алматылықты тротуарға құлаған бетон плитадан құтқарып қалды
Оқиға кезінде ол әріптесінің хабарламасына жауап беру үшін бір сәтке тоқтап үлгерген