Алматы тұрғындарына қоғамдық көлікте және ғимараттарда маска тағу ұсынылды
Елде COVID-19 ауруының өсуін ескере отырып, қосымша шаралар қабылдау туралы шешім қабылданды. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматы коронавирус инфекциясының таралуы бойынша "сары" аймаққа өткендіктен, санитарлық шаралар күшейтіледі:
- науқаспен жақын байланыста болған адамдарды қашықтан жұмыс істеу түріне ауыстыру;
- вакциналауға абсолюттік қарсы көрсетілімдері бар қызметкерлерді және жүкті әйелдерді қашықтан жұмыс істеуге ауыстыру;
- жабық мекемелерде, қоғамдық көлікте бетперде кию;
- 10-нан астам адамның қатысуымен өтетін кеңестерді онлайн-форматқа көшіру ұсынылады.
Әзірге бетпердені тағу ұсыныс қана, яғни қала тұрғындарына міндеттелген жоқ.
Айта кетейік, бұған дейін Алматы қаласының коронавирусқа байланысты эпидемиологиялық жағдай бойынша "сары" аймаққа өткенін хабарлаған едік.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар