Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Коммуналды қызметтер үшін 15 мың теңге: Халық тағы бір жәрдемақыға қол жеткізе алмай келеді

Төтенше жағдай кезінде халықтың коммуналдық төлемдеріне ақша береміз деген Үкімет көмек қанша адамға тиесілі екенін есептеп үлгере алмай жатыр. Ал тұрғындар әкімдік берген колл орталық номерлері үнемі бос емес деп наразы. Тіпті, министрлік бекіткен 15 мың теңгеге лайықты адамдар санаты да көп сұрақ туындатып жатыр. Кейбір тұрғындар дербес шот мұқтаж жанның атында болуы керек дегенге келіскісі келмейді. Ал Алматы әкімдігі 15 мыңға лайықты деп 3 күнде бар-жоғы 2 ақ мың адамды анықтапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

тұрғын

Алматылық Сәуле Өтегенқызы бес жылдан бері Алатау ауданында көпқабатты үйлердің бірінде тұрады. Эпилепсиямен ауыратын науқас баласы бар. Баласының мүгедектігі үшін жәрдемақы алады. Карантин кезінде коммуналдық төлемге 15 мың теңгеден беріледі дегенді естіп қуанып қалыпты. Алайда бірнеше күннен бері көрсетілген нөмірге қоңырау шалып, өтініш бере алмай жүр.
"Байланыс орталығына хабарласып, жауап ала алмай келемін. Әділеттілік қайда? Біз баламның 37 мың теңгелік жәрдемақысына өмір сүріп жатырмыз. Өзім ауыршаң баламды қарап отырғандықтан жұмыс істемеймін", -  дейді Алматы тұрғыны Сәуле Өтегенқызы.

Жағдайы Сәуленікіне ұқсас Алатау ауданында отбасы көп. Ал аудан әкімдігінің өкілдері тұрмысы төмен коммуналды қызметтердің төлемі үшін жәрдемақы берілетін 62 мың адам бар екенін жеткізді. Ал бес күн өткен соң мұқтаж жандардың саны 108 мыңға жетіпті. Байланыс орталығына келіп түсетін толассыз қоңырау шалатын адамдардың тек 40%-ы ғана көмеке зәру жандар көрінеді. Оған қоса қала әкімдігі әлеуметтік төлемге қол жеткізетін адамдардың дербес шот нөмірі сол адамға тиесілі екендігіне аса мән берілуде. 

Тұрғындардың көбісі екі ай төленетін коммуналдық қызмет ақысы пәтер жалдап тұрушыларға берілмейтіне наразы. Қызмет ақысын бәрібір жалдап тұрушы төлейді ғой деп уәж айтады. Алайда басқарма басшысы бекітілген ереже сондай деп қысқа қайырды. Алматы әкімдігі коммуналды қызмет ақысын өтеуге мемлекеттік бюджеттен екі айға екі миллиард теңге сұрапты. Ал байланыс орталығының қызметкерлірін 40 адамға жеткізіпті. Келесі айда 70 адам қоыңырау қабылдайды дейді әкімдіктегілер.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр