Алматы тауларындағы қар көшкіні: Туристердің бірі табылды
Құтқарушылар қар көшкіні астында қалған бір туристі тапқанын хабарлады. Екіншісін іздеу жалғасып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Құтқарушылар зардап шегушілердің бірін қар астынан аман алып шықты", - делінген ТЖД хабарламасында.
Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккен азаматтың иығы шығып кеткен. Іздестіру-құтқару жұмыстарына 31 адам, сегіз техника, екі кинологиялық топ, бір тікұшақ және бір дрон жұмылдырылды.
Айта кетейік, қар көшкіні сәрсенбі күні сағат 13.28-де Іле Алатауы тауларындағы Молодежный шыңы аймағына жүрді.
Бір күн бұрын құтқарушылар Алматы тауларында қар көшкіні қаупі күшейетінін ескерткен болатын.
"Алты рет тапсырдым": Алматылық студент IELTS-тен ең жоғары 9.0 балды қалай алғанын айтып берді
Ол тестті алғаш рет университетке түсу үшін тапсырып, 7.0 балл алған
Төрт баласымен Ұлыбританияда докторантурада оқып жүрген қазақ отбасы шетелдегі өмірі жайлы айтты
Ол "Болашақ" бағдарламасының екі мәрте стипендиаты болғанын мақтан тұтады