Алматы тауларында қар көшкіні жүрді: Екі адам іздестіріліп жатыр
Алматы маңындағы Молодежный шыңы маңында қар көшкіні жүрді. Қазіргі уақытта екі адамды іздестіру жұмыстары басталды. Алдын ала мәлімет бойынша, олар қар көшкінінен кейін жоғалып кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Құтқарушылар мәліметінше, қар көшкіні 13:28-де бболған. Қар астына екі адам қалып қоюы мүмкін. Туристерді іздестіру үшін жеті адамнан тұратын топ жіберілді. Сонымен қатар бір кинологиялық есеп бар.
Жақында құтқарушылар Алматы тауларында қар көшкіні жүру қауіпі бар екенін ескерткен.
Айта кетейік, бұған дейін Шымбұлақта қар көшкіні салдарынан бір шаңғышы мерт болған еді. Марқұм қар көшкінін түсіретін құралға соғылған.
"Алты рет тапсырдым": Алматылық студент IELTS-тан ең жоғары 9.0 баллды қалай алғанын айтып берді
Ол тестті алғаш рет университетке түсу үшін тапсырып, 7.0 балл алған
Төрт баласымен Ұлыбританияда докторантурада оқып жүрген қазақ отбасы шетелдегі өмірі жайлы айтты
Ол "Болашақ" бағдарламасының екі мәрте стипендиаты болғанын мақтан тұтады