Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ұзабаев рұқсат берді": Алматыда жасөспірім полиция басшысының орынбасары жүргізуші куәлігінсіз жүруге рұқсат бергенін айтып, ақталған

Әлеуметтік желіде кәмелетке толмаған алматылық бозбаланың көлік жүргізіп келе жатып ұсталған сәтінің видеосы тарады. Ұсталған сәтінде ол көлік жүргізуге полиция басшысының орынбасары Ержан Ұзабаев рұқсат бергенін айтқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото видеокадрдан алынған

Кәмелет жасына толмаған жүргізушінің мәлімдемесі Telegram-дағы EGOV.PRESS арнасында жарияланған.

“Кәмелетке толмаған бозбала оған Алматы полиция департаменті бастығының орынбасары Ержан Ұзабаев рұқсат бергенін айтты”, – делінген видеоның сипаттамасында. 

“Алматы полиция департаменті баспасөз қызметі бұл факт бойынша қызметтік тексеріс жүргізіліп жатқанын хабарлады. Бұған қоса көлік жүргізу куәгілі және міндетті сақтандыру полисі болмағандықтан жүргізуші әкімшілік жауапқа тартылғанын хабарлаймыз”, – делінген хабарламада.



Еске салайық, бұған дейін қоғам белсендісі Instagram желісінде Алматыдағы SPA-лардың бірінде ер адамның әйелге қол көтеріп, шашынан сүйреген видеосын жарияладық. Сонымен қатар Дина Таңсәрі заң бұзған ер адамды Бостандық ауданы полиция департаменті мүлдем шара қолданбай, босатып жібергенін айтты.

Талқылау