Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы полиция басшысы Серік Күдебаев жаңа қызметке ауысты

Полиция генерал-майоры Серік Күдебаев Алматы полиция департаментінің басшысы қызметінен босатылып, Алматы облысы бойынша осындай қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматы полиция басшысы Серік Күдебаев жаңа қызметке ауысты

Полиция департаментінің жаңа басшысын ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев жеке құраммен таныстырды.

«Президент Әкімшілігімен және облыс әкімімен келісім бойынша полиция генерал-майоры Күдебаев Серік Мырзақұлұлы Алматы облысы Полиция департаментінің басшысы қызметіне тағайындалды», - делінген хабарламада.

Бұрын Алматы облысы полиция департаментінің басшысы қызметін атқарған полиция генерал-майоры Өрімханов Мұрат Жалелұлы кадр резервіне алынды. Күдебаев 2013 жылдың қазан айында Алматы қаласы Ішкі істер департаментінің (қазіргі полиция басқармасы) басшысы қызметіне тағайындалды. Бұған дейін ол Алматы облысының ішкі істер департаментін басқарған.

Күдебаев Серік 1965 жылы 1 қаңтарда Алматы облысы, Шиен ауылында дүниеге келді. 1990 жылы ІІМ Қарағанды ​​жоғары мектебін бітірді. Еңбек жолын Алматы облыстық атқару комитеті Жамбыл аудандық ішкі істер бөлімінің қылмыстық іздестіру бөлімінің жауапты қызметкері ретінде бастаған (1990-1994).

Осы жылдар ішінде қылмыстық тергеу бөлімінде, криминалдық полицияда жұмыс істеді. 2006 жылы Алматы облысы Ішкі істер департаментінің Жамбыл аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы болып тағайындалды, 2007 жылы Алматы облысы ішкі істер департаменті Қарасай аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы болды.

2009 жылдан 2012 жылға дейін - Алматы облысы Ішкі істер департаменті басшысының бірінші орынбасары. 2012 жылдан 2013 жылға дейін Алматы облысы Ішкі істер департаментінің басшысы болды.

Талқылау