Алматы облыстық сотының 9 судьясы коронавирусқа шалдықты
Алматы облыстық сотының 9 судьясы коронавирусқа шалдыққаны белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Алматы облыстық соты баспасөз қызметінің өкілі Самат Авганов мәлім етті.
"Тестілеу нәтижесіне сәйкес, Алматы облысы сотының 9 судьясынан COVID-19 инфекциясы анықталып отыр. Олардың барлығы дәрігерлердің бақылауында. Сонымен бірге, облыстық сот ғимараты жабылып, барлық қызметкерлер үй карантиніне оқшауланды. Ғимараттың жалпы сырты және ішіне дезинфекция шаралары жүргізілуде. Қазіргі уақытта карантин кезеңінде облыстық сотпен қылмыстық процессуалдық кодекстің 107-бабымен келген материалдар ғана кейінге қардырылмай қаралады. Ал қалған санаттағы сот қарауындағы істер уақытша тоқтатылды", - деді баспасөз қызметінің өкілі.
Еске салайық, бұған дейін Алматы облысының соты карантинге жабылғаны жайлы айтылған еді.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген