Алматы облысындағы трассада автобус сынып, жолаушылар жолда қалды
29 желтоқсан күні кешке "Алматы-Өскемен" тас жолында жолаушылары бар автобус бұзылды. Адамдар жақын маңдағы елді мекенге эвакуацияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Көлік "Алматы-Үржар" бағыты бойынша "Алматы-Өскемен"автожолының 414 шақырымында істен шықты. Автобус салонында 37 жолаушы болған.
"Ауа - райының қолайсыздығын, яғни қатты аязды ескере отырып, адамдар ең жақын елді мекен-Сарқан қаласына эвакуацияланды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Жолаушылардың ешқайсысы медициналық көмекке мұқтаж емес еді", - деп хабарлады өңірдің ТЖ департаментінің баспасөз қызметі.
Шақырту орнына Алматы облысының ТЖД (2 бірлік техникаға 4 қызметкер), Сарқан қаласының трассалық-медициналық құтқару пунктінің кезекші бригадасы (3 қызметкер және 1 бірлік техника), Сарқан қаласының Жедел медициналық жәрдем бригадасы (3 қызметкер және 1 бірлік техника), аудандық полиция бөлімі (3 қызметкер және 1 бірлік) шықты.
Баланы ерте жастан мектепке беру оның болашағына инвестиция ма, әлде балалықты ұрлау ма?
Психолог ең алдымен баланың физикалық дайындығын ескеру қажет екенін жеткізді
Қазақстандық компания қазақ тілінде баяндама жасаған қызметкерді жұмыстан қуды деп айыпталды
Қызметкердің жұбайы жұмыс берушіден түсініктеме талап етті