Алматы облысында жол үстінде көкпар тартқандар 10 тәулікке қамалды
Алматы облысындағы Талғат соты көкпарға қатысқандар мен ұйымдастырушыларды 10 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Тәртіп бұзушылар әкімшілік заңның үш бабы бойынша жауапқа тартылып, 10 тәулікке қамауға алынды", – делінген ведомство хабарламасында.
Көкпарға қатысқандар бейнеүндеу жариялап, заңға қайшы қылықтары үшін тұрғындардан кешірім сұраған.
Полиция өкілдері көкпар сынды ұлттық ойындардың арнайы орындарда жергілікті атқарушы органдармен келісе отырып өткізілуі керек екенін атап өтті. Сонымен қатар адамдардың денсаулығына қауіп төнбеу үшін ұйымдастырушылар бақылауы керек.
Алматыда бір айлық сәбидің басына төбеден біреу қаламсап лақтырған: Полиция тексеру бастады
Нұрахмет заттың нақты қай пәтерден лақтырылғанын анықтауды сұрап отыр
Қазақстан оқушылары басқа елдермен салыстырғанда қаншалықты жақсы оқиды?
PISA-2025 зерттеуіне “Цифрлық әлемде оқу” атты жаңа бағыт енгізілген